Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесі 54А eitiekb@mail.ru
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
Екибастузский инженерно - технический институт имени академика К.Сатпаева
Профессор-оқытушылар құрамның бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Профессор-оқытушылар құрамның бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты профессор-оқытушылар құрамның бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Энергетика және металлургия» кафедрасы - профессорлар, доценттер (ғылым докторлары мен кандидаттары), аға оқытушылар, оқытушылар;

2. «Экономика және менеджмент» кафедрасы - профессорлар, доценттер (ғылым докторлары мен кандидаттары), аға оқытушылар, оқытушылар;

3. «Тау - кен ісі және құрылыс» кафедрасы - профессорлар, доценттер (ғылым докторлары мен кандидаттары), аға оқытушылар, оқытушылар;

4. «Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер» кафедрасы - профессорлар, доценттер (ғылым докторлары мен кандидаттары), аға оқытушылар, оқытушылар;

5. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және кәсіптік оқыту» кафедрасы - профессорлар, доценттер (ғылым докторлары мен кандидаттары), аға оқытушылар, оқытушылар;

6. «Көлік» кафедрасы - профессорлар ,доценттер (ғылым докторлары мен кандидаттары), аға оқытушылар, оқытушылар.

Құжаттар 2019 жылдың 20 қырқүйек айына дейін қабылданады.

Конкурс өткізу орны: Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 54А.

Байланыс телефоны: 8 (7187) 76-12-86, e-mail: eitiekb@mai.ru.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар академик Қ.Сәтбаев атындағы ЕИТИ ректорының атына өтініш (еркін түрде) жазады.

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

2) өмірбаян;

3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

4) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (бар болса);

6) № 086 нысан бойынша медициналық анықтама;

7) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

8) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

9) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

* Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, кафедраның бос лауазымға ұсыным туралы қорытындысы, факультеттің бос лауазымға ұсыным туралы қорытындысы, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.