Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесі 54А eitiekb@mail.ru
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
Екибастузский инженерно - технический институт имени академика К.Сатпаева
Қызметкерлер мен оқытушылар этикасы туралы кодекс

Қызметкерлер мен оқытушылар этикасы туралы

кодекс

Ак.Қ.И.Сәтбаев атындағы ЕИТИ Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде қарастырылған

 

2014 ж.26 қарашасы күні оқытушылар мен студенттердің жалпы жиналысында ұсынылды

 

Шешім оқытушылар мен студенттердің жалпы жиналысында қарастырылды және қабылданды

 

«27қараша» 2014 ж., №1 хаттама

 

 

Ак.Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік техникалық институтының Қызметкерлер мен оқытушылар этикасы туралы

кодекс

 

Алғы сөз

 

Біз, Ак.Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік -техникалық институтының қызметкерлері мен оқытушылары (ЕИТИ деп жазылатын болады):

  • ҚР Конституциясын, заңын және жарғысын  қолдай отыра;
  • Қазақстан ғылым және жоғары білім беру академиясының тәрбие туралы дәстүрін қолдай отыра;
  • Жоғары сапалы білім беруге жауапкершілікпен қарауға;
  • Қандай түрде болмасын кәсіби қанағатсыздық көрсетпеуге;
  • Ұжымдастар мен студенттерге құрметпен қарауға;
  • Діни қозғалыстарда дұрыс шешім қабылдап, әрқашан тиыштық сақтап қалуға ;

ЕИТИ кодексін бұзбай, түрлі жағдайларда қолдап және сақтап қалуға ант береміз.

 

  1. ЖАЛПЫ АХУАЛДАР:

1.1.Кодекс ЕИТИ оқытушылары мен қызметкерлерінің негізгі өзаралық және студенттермен, республикадан, шет елдерден, қала, аудан бойынша, ұйымдардан, кәсіпорындардан келген адамдармен қарым-қатынастықтарының этикалық ережелерін анықтайды.

1.2. Ак.Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік- техникалық институтының қызметкерлері мен оқытушылары кодексі оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарына максималды жағдай жасауға, дұрыс психологиялық климат құру мақсатымен құрастырылған

1.3. Осы кодекстің нормаларын жүзеге асырудың басты мақсаты – институт қоғамында мәдениетті  сақтау, қызметкерлер мен оқытушылар беделін арттыру

1.4. ЕИТИ-дің әр оқытушысы мен қызметкері, кодекс нормасын орындай отырып институттың имиджін және іскерлік репутациясын нығайтуға көмек етеді

 

  1. ЕИТИ қызметкерлері мен оқытушылары міндетті:

2.1. Жоғары біліктілікке талпыну, әрдайым өзінің теорилық білімін және педагогикалық шеберлігін арттыруы;

2.2.Жоғары мәдениетті, тәрбиелі және толерантты болуы;

2.3. Өз қызметтік міндеттерін атқаруы,әр ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауы, сыпайы болуы;

2.4. Студенттердің тәрбиелі және білікті маман болуына ықпал жасау;

2.5. Ұжымдастарының қызметкерлердің және студенттердің қадір-қасиетін құрметтеу;

2.6. Сабақтарды,сынақтарды,емтихандарды объективті жағдаймен және жауапкершілікпен өткізе білу, студенттерге жауапкершілікпен қарау;

2.7.Жеке үлгі ретінде өз ісімен еңбек ережесін , оқу тәрбиесін бұзбауы, институттың заттарына жауапкершілікпен қарауы;

 

  1. ЕИТИ қызметкерлері мен оқытушылары құқылы:

3.1. Кодекске өзгерістер, қосымшалар енгізуге;

3.2.Жарғыны түзету туралы, ішкі ережелерді және ЕИТИ кодексін кафедра мәжілістерінде т.б. бөлімшелерде өзгерту сұрақтарын енгізуге рұқсат беріледі;

 

  1. ЕИТИ қызметкерлері мен оқытушыларының құқысы жоқ:

4.1. Баршаның арасында әріптестерінің, студенттердің беделін түсіруге: оның ішінде балағаттауға, дауысын көтеріп ұрсысуға;

4.2.Институтқа ішімдік ішіп келуіне, темекі тартуына;темекі шегуге арнайы орындарда ғана рұқсат;

4.3.Студенттерден сыйақы алуға,емтихан кезінде студенттерден ақша талап етуді;

4.4. Студенттерді сабақтан шығарып жіберуге, егер ол сабақта дұрыс отырып шуламаса;

4.5. Институт қабырғасында саяси үгіттеу жүргізуге;

4.6.Сабаққа кешігіп келуге және сабақтан ерте жіберуге;

4.7.Қызметтік міндеттері кезінде дөрекі сөйлеуге;

4.8. Сабақ кезінде ұялы телефонмен сөйлесуге;

4.9. Баға қойылған кезде студенттерді дұрыс бағалау міндетін орындамауға;

4.10. Сынақтарды, емтихандарды өткізу кезінде формалды өткізуге;

 

  1. Кодекс бұзушылар жауапкершілігі:

5.1.Оқытушы (қызметкер) Кодексті орындауға және сақтауға міндетті. Этикалық норманы білмеуі немесе түсінбеуі оның арын сақтап қалмайды;

5.2.ЕИТИ-дің марапаттау және этика жөніндегі комиссиясы егер кодекс ережелері бұзылатын болса бірауызды шешім қабылдайды;

А) жалпы шешім  қабылдайды

Б) егер кодекс ережесін бұзушылары бірнеше рет дөрекі сөйлеп, ұрыс шығаратын жағдайда ол адаммен жаңа оқу жылында еңбек келісіміне қол қойылмайды;

 

  1. Қортындылау

6.1. Кодекске өзгерістер мен ұсыныстарды оқытушылар, студенттер мен қызметкерлердің жалпы ЕИТИ жиналысында кіргізулеріне болады;  

6.2. Кодекстегі барлық ережелерді оқытушылар мен қызметкелер әрқашан міндетті түрінде орындаулары қажет.

ЕИТИ оқытушылары мен қызметкерлер Кодексі марапаттау және этика жөніндегі комиссиясымен ұсынылып қабылданған. Құрамындағылар: Турсунов М.Ж.(төрағасы),Смагулов Қ.Х., Камбаров Ж.Қ.,Пак В.Г.,Акишев Т.Б. Шешім ЕИТИ Ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқылау кезіндегі ұсыныстар мен ескертулері назарға алына отырып қабылданды, 2014-15 оқу жылы.