Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесі 54А eitiekb@eitiedu.com
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
Екибастузский инженерно - технический институт имени академика К.Сатпаева
Спорттық өмір

БІЗДІҢ 2019 жылғы спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысу жоспары !

12.09.19 ж. "Денсаулық күні" мерекесіне орай, № 18 ЖОМ стадионында жарыс өтті: ұлдар арасында 1 – орынды Бакибай Руслан –БГД-11 тобының студенті иеленді. Қыздар арасында 1-орынды Анжелика Кельник алды.

27.09.19 ж. академик М. П. Марденовтың 80 жылдығына арналған шағын футболдан Турнир ұйымдастырылды. Жарыс №6 ЖОМ стадионында аралас жүйе бойынша өтті. Ак. Қ.Сәтбаев атындағы ЕИТИ командасы грамоталармен марапатталды.

05.11.19 ж. академик М. П. Марденовтың 80-жылдығына орай Екібастұз қаласының әйелдер командалары арасында волейболдан Турнир ұйымдастырылды. Жарыс Ак. Қ. Сәтпаев атындағы ЕИТИ спорт залында өтті. Біздің командамыз грамоталармен марапатталды.

04.12.19 ж. академик М. П. Марденовтың 80 жылдығына орай Екібастұз қаласының ФК оқытушылары арасында мини-футболдан Турнир ұйымдастырылды. Жарыс№1 БЖСМ(ФОК) спорт залында өтті. Әр түрлі номинацияларда ең үздік ойыншылар болып Ак. Қ. Сәтпаев атындағы ЕИТИ дене тәрбиесінің аға оқытушылары Марденов Қанат пен Жексекенов Ерғазы жүлделі орындарға ие болды.

10.12.19 ж. - 11.12.19 ж. аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Екібастұз қаласының оқу орындарының оқушылары арасында волейболдан Турнир ұйымдастырылды (ұлдар). Жарыс Ак. Қ. Сәтпаев атындағы ЕИТИ спорт залында өтті. Ойын қорытындысы бойынша ЕИТИ командасы 3 - орынға ие болды, ал Ең үздік ойыншы болып БГД-11 тобының студенті Секенов Ислам аталды.

БІЗДІҢ 2020 жылғы спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысуымыз!

01.02.2020 ж. Екібастұз қаласының оқу орындары арасында Ак. Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ спорт залында үстел теннисі бойынша қалалық жарыстар ұйымдастырылды. Ұлдар арасында ЕИТИ командасы бірінші орынға ие болды

08.02.2020 ж. Ак. М. П. Марденовтың 80 жылдығына арналған шахматтан облыстық турнир ұйымдастырылды. Үшінші орынға ЕИТИ командасы ие болды. Барлық жүлдегерлер атаулы грамоталармен және медальдармен марапатталды.

15.02.2020 ж. Ак. Қ. Сәтпаев атындағы ЕИТИ-дің студенттері Политехникалық колледжде Жоғары оқу орындары мен Орта кәсіптік білім беру арасында өткен волейболдан қалалық турнирге қатысты. Турнир"Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығарудың 31 жылдығына "арналды.

21.02.-22.02.2020 ж. аралығында Ак. М. П. Марденовтың 80 жылдығына арналған Жоғары оқу орындары мен Орта кәсіптік білім беру профессорлық оқытушылар арасында баскетболдан Турнир ұйымдастырылды. ЕИТИ командасы екінші орынға ие болды!

14.03.2020 ж. Ак. М. П. Марденовтың 80 жылдығына арналған Орта кәсіптік білім беру, мектеп, БЖСМ және ЖОО оқытушылары арасында волейболдан облыстық турнир.