Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесі 54А eitiekb@mail.ru
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
Екибастузский инженерно - технический институт имени академика К.Сатпаева
Аймақтағы институттың орнын анықтау
Екібастұз аймағы пайдалы қазбаларға өте бай. Мұнда көмір, мыс, молибден ,ізбес, порфирттер,цемент қорлары, керамикалық шикізаттар   т.б кендер бар. 
        60-шы жылдары әлемге әйгілі Екібастұз жылу-энергетикалық құрылысы ірі өндірістік кешенге айналды (ЕЖЭК) және көмір өндіріліміне, энергетикасына үлкен үлес қосты.Қазақстанда дамитын электр энергиясының 60% Екібастұзда өндіріледі. Көмір өндірілімі жылына 70 млн. тоннаны құрады. Күн сайын Екібастұздан Ресейге 50 эшелон көмір жіберіледі. Айына 23 мың вагон көмір айналымын құрастырады.
       Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ Екібастұз өңіріндегі ең алғашқы және жалғыз Жоғары оқу орны. Халық саны 250 мың адам және соңғы 20 жылда біздің институт 6000-нан астам жылу-энергетика кешеніне жоғары білікті мамандар дайындап шығарды.Біздің институтымыздың түлектері қаламыздың барлық салаларында жұмыс істейді және қала өндірістері, кәсіпорындары әрқашан оларды жұмысқа орналастырады. ЕИТИ түлектері бүгінгі күні Канада, Америка, Германия, Ресей және т.б шет елдерінде қызмет атқаруда.