Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесі 54А eitiekb@mail.ru
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
Екибастузский инженерно - технический институт имени академика К.Сатпаева
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары мыналамен байланысты:
• фундаменталды әлеуметтік-гуманитарлық мәселелер шарасы;
• Павлодар облысының, аймағының, республиканың әлеуметтік дамуының өзекті мәселелерін шешуімен;
оқулықтар мен оқу құралдарын құрастыруымен;
ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындауымен;
Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары өте белсенді жүргізілуде. Ғылыми жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары кафедрада төрт кандидаттық және бір магистрлік диссертация қорғалды. Кандидаттық диссертацияларды ағылшын, орыс тілдерінен К.К.Кошерова, А. Е. Байгожина, Г. Б. Тусупова, Г.А.Тезекбаева қорғады, магистрлік диссертацияны педагогикадан А.Қ.Айтимова қорғады. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы халықаралық ғылыми-зерттеу Мәскеудегі, Астанадағы, Алматыда, Қарағандыда, Павлодарда конференцияларға өтетін белсенді қатысып отырады.
Қазіргі кезде кафедраның ҒЗЖ «Гуманизация және білімдегі гуманитаризация» шаралары басталуда. Аталған тақырып кафедра қызметінің профиліне сәйкес. 
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында студенттермен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары заман талабына сай мамандарды әзірлейтін ең маңызды мәселе болып отыр. Осыған орай кафедра жыл сайын студенттермен ғылыми жұмыстар жазып аймақтық студенттік конференцияларға қатысып отырады.
«Гуманизация және білімдегі гуманитаризация» тақырыбын зерттеу:
Мақсаты: студенттердің коммуникативтік және кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру , шет тілдерін үйрету, шет елдеріндегі мамандармен ағылшын тілінде еркін сөйлесе білу, олардың ой-өрістерін дамыту. Гуманизация және білімдегі гуманитаризация болашақ мамандардың техникалық және экономикалық саларда белсенді еңбек етулеріне көмектеседі.
Жыл сайын ЕИТИ студенттері Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды қалаларында өткізілетін қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен аймақтық олимпиадаларға қатысып отырады және жүлделі орындарға ие болып грамоталармен, сыйлықтармен марапатталады.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары жыл сайын СҒЗЖ басшылық жасайды. 1999 жылдан бастап Сәтбаев оқуларына қатысып, конференцияны өткізуге белсенді қатысып отырады. Ең мазмұнды мақалалар басылымға щығарылады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы институттың тәрбиелік жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды. Өтетін шаралардың барлығы жоғары деңгейде, қазіргі заманға сай жүргізіледі және барлық шаралар студенттердің ұсынысымен, талғамдарымен жоспар бойынша өткізіледі.Кафедра оқытушылары жеке әдеби тұлғалардың мерейтойларын атап өтетін шараларға да студенттерді белсенді қатыстырып отырады.2013 жылы  қыркүйектің 22-сі күні Академик Қ.И.Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтында қалалық әкімшілік акциясы өткізілді. Акция  тақырыбы: «Мемлекеттік тіл – ел  мұраты». Аталған шараға 2 курс студенттері  қатысты, жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты доцент Байгожина А.Е.
Акцияның шарты:
«Мемлекеттік тіл – ел  мұраты»  акциясына 2 курс студенттері қатысады. Сахнаға 10 студент шығып өздері жаттап келген ұрандарын, жаттамаларын жатқа айтып, көрермендерді қызықтыра білдірулері керек. Акция бойынша қатысушылар марапатталады.