Профессор-оқытушылар құрамның
Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты профессор-оқытушылар құрамның бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және кәсіптік оқыту» кафедрасы - профессорлар, доценттер (ғылым докторлары мен кандидаттары), аға оқытушылар, оқытушылар;
2. «Көлік» кафедрасы - профессорлар ,доценттер (ғылым докторлары мен кандидаттары), аға оқытушылар, оқытушылар.
Құжаттар 2020 жылдың 20 қантар айына дейін қабылданады.
Конкурс өткізу орны: Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 54А.
Байланыс телефоны: 8 (7187) 76-12-86, e-mail: eitiekb@mai.ru.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар академик Қ.Сәтбаев атындағы ЕИТИ ректорының атына өтініш (еркін түрде) жазады.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
2) өмірбаян;
3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
4) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (бар болса);
6) № 086 нысан бойынша медициналық анықтама;
7) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
8) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
9) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
* Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, кафедраның бос лауазымға ұсыным туралы қорытындысы, факультеттің бос лауазымға ұсыным туралы қорытындысы, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.