Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесі 54А eitiekb@mail.ru
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
Екибастузский инженерно - технический институт имени академика К.Сатпаева
Құрылыс
«Құрылыс» кафедрасының қызметі өзекті кәсіби білімі және оларды құрылыс саласында практикада қолдану дағдылары бар білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
 
«Құрылыс» кафедрасы 1994 жылы академик Қ. Сәтпаев атындағы ЕИТИ құрылған күнінен бастап жұмыс істейді. «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» және «темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандықтарына студенттерді алғашқы қабылдау жүзеге асырылды. 2004 жылдан бастап кредиттік жүйеге көшуге байланысты «Құрылыс» мамандығы бойынша «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы», «ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау» мамандандыруы бойынша бакалаврларды дайындау жүргізілуде.
 
«Құрылыс» кафедрасының құрылғанына 26 жыл ішінде 600-ден астам маман даярланды.
 
Кафедраның алғашқы меңгерушісіт.ғ.к. Саканов К.Т. (1994-1999жж) болды.
 
Әр жылдары кафедраныт.ғ.к. Семеньков М.Ю. (1999-2002ж.ж), т.ғ.к. Джумашев У.Р. (2002-2004ж.ж), Ким В.Х. (2003-2006жж), т.ғ.д., профессор, Унайбаев Б.Ж. (2006-2011ж.ж), т.ғ.к. Оспанова Ж.Н. (2011-2013ж.ж), т.ғ.к. Унайбаев Б.Б. (2013-2016ж.ж) басқарды. 2016 жылдан 2018 жылға дейін т.ғ.д., профессор Унайбаев Б.Ж. 2018 жылдан 2020 жылға дейін т.ғ.к., доцент Кайназаров А.С. Қазіргі уақытта кафедраның меңгерушісі т.ғ.м., аға оқытушысы Ищанова А.Ш болып табылады.
 
Қазіргі уақытта кафедрада 6 оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде техника ғылымдарының докторы Унайбаев Б. Ж., техника ғылымдарының кандидаты Докторов В. Н., екі техника ғылымдарының магистрі: Ищанова А. Ш., Джуманбаева Д. А., аға оқытушы Канаева Т. А., аға оқытушы Ким Е. Е.