Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесі 54А eitiekb@eitiedu.com
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
Екибастузский инженерно - технический институт имени академика К.Сатпаева
Энергетика
Кафедра тарихы:
Кафедра өз тарихын 1994 жылы құрылған күннен бастап жүргізеді. Басында кафедрада Павлодар - Екібастұз отын –энергетикалық аймағының инженерлік кадрларға қажеттілігін қанағаттандыру үшін 5В071800-«Электр энергетикасы», 5В071700-«Жылу энергетикасы» мамандықтары бойынша кадрлар даярланды.
Түлектерді сапалы дайындау үшін кафедраға Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларынан білікті оқытушылар шақырылды. Сонымен қатар базалық және бейінді пәндер бойынша кафедраның материалдық-техникалық жабдықталуы күшейтілді.
Бүгінгі таңда кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар шығарады:
-6В07121- «Электр энергетикасы» (Электр станциялары)
-6В07122- «Электр энергетикасы»(Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қалаларды электрмен жабдықтау)
-6В07110- «Жылу энергетикасы»
Кафедра миссиясы:
Электр энергетикасы бағытының кәсіби білім беру бағдарламасымен белгіленетін теориялық және практикалық дағдылардың жиынтығы ретінде айқындалатын бакалавриаттың кәсіби құзыреттілігін иеленетін жаңа формациядағы маманды даярлау кезінде жоғары білім беру саласында жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну, бір немесе одан да көп қызмет түрлері шеңберінде кәсіби функцияларды жүзеге асыру қабілеті; теория мен электр энергетикасы мен жылу энергетикасының дамуының негізгі үрдістерін түсіну.
Мақсаты:
-Электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласында көшбасшы болуға қабілетті жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті кәсіби кадрларды даярлау;
- бакалаврлардың өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, олардың барлық белсенді тіршілік әрекеті барысында жаңа білімді өз бетінше меңгеру қажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
-оқу жоспарының элективті модульдерінің әралуандығы мен динамикасы негізінде, құзыреттіліктерде практикалық дағдылары басым, осы қызмет түрлерінің ерекшелігін, нарықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық және кәсіби құзыреттеріне қойылатын талаптарын ескеретін оқытудың түпкілікті нәтижелері негізінде бір және одан да көп қызмет түрлері шеңберінде кәсіби функцияларды жүзеге асыруға қабілетті түлекті даярлау;
-электр энергетикасы және жылу энергетикасы бағыттарының кәсіби білім беру бағдарламасымен белгіленетін теориялық және практикалық дағдылардың жиынтығы ретінде анықталатын бакалаврдың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, бір немесе одан да көп қызмет түрлері шеңберінде кәсіби функцияларды жүзеге асыру қабілеті; электр энергетикасы және жылу энергетикасы теориясы мен техникасының дамуының негізгі үрдістерін түсіну;
Міндеттері:
-  білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету және зияткерлік қызығушылық таныту, өмір бойы оқыту, артықшылық іздеу, адами әлеуетті, кәсіби дағдыларды дамыту және корпоративтік рухты тәрбиелеу;
-   оқытудың шоғырландырушы кредиттік технологиясына негізделген жоғары білікті кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесіне біртіндеп көшу;
- білім беру процесін демократияландыру арқылы сапалы білім беру қызметтерін алуға студенттердің ынтасын күшейту;
- оқу процесін ұйымдастыру технологиясын жетілдіру, оның білім алушылар мен жұмыс берушілердің мүдделерін іске асыруға бағытталуы; 
- профессорлық-оқытушылар құрамы мен институт басшылығының сапалы білім беру қызметтерін ұсынудағы жауапкершілігін анықтайтын механизмдерді әзірлеу және енгізу;
-  ЖОО-ның білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастығын және оқытудың инновациялық әдістерін пайдалану және дамыту;
-  ЖОО-ның материалдық-техникалық, кітапханалық және ақпараттық ресурстарын жетілдіру;
- білім алушылардың тұлғалық дамуы мен тәрбиесі үшін жағдай жасау.