Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесі 54А eitiekb@mail.ru
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
Екибастузский инженерно - технический институт имени академика К.Сатпаева
Металлургия және жаратылыстану-ғылыми пәндер

Кафедра 2006 жылы құрылған және металлургия саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізеді. Павлодар облысының отын-энергетикалық және металлургиялық аймағында инженерлік кадрларға деген қажеттілікті қанағаттандырады. Түлектерді сапалы даярлау үшін кафедраға Алматы, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау және Павлодар қалаларынан білікті оқытушылар шақырылды. Сонымен қатар, базалық және мамандандырылған пәндер бойынша кафедраның материалдық-техникалық жабдықталуы күшейтілді.

Бүгінгі күні кафедра бакалаврларды келесі білім беру бағдарламалары бойынша шығарады:

- 6В07220- Металлургия (Сұйық металлургия. Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы)

 - 6В07250- Металлургия (Қатты металлургия. Материалдарды өңдеу технологиясы)

 - 5В070900 – Металлургия

Кафедраның миссиясы:

Кең фундаменталды білімі бар, белсенді, металлургия саласындағы еңбек нарығының, технологияның, нанотехнологияның өзгермелі талаптарына бейімделе алатын, командада жұмыс істей алатын жаңа формациялық маман даярлау.

Мақсаттары:

 білім беру бағдарламалары бойынша жоғары кәсіби білім беру:

6В07220- Металлургия (Сұйық металлургия. Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы)

 - 6В07250- Металлургия (Қатты металлургия. Материалдарды өңдеу технологиясы)

- 5В070900 – Металлургия

Тапсырмалар:

 - білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету, адам әлеуетін, кәсіби шеберлікті дамыту және патриотизм рухын дамыту;

- кредиттік оқыту технологиясының негізінде жоғары білікті кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесіне біртіндеп көшу;

 - оқу процесін ұйымдастыру технологиясын жетілдіру, оның студенттер мен жұмыс берушілердің қызығушылықтарын іске асыруға бағытталуы;

- білім беру процесін демократияландыру арқылы студенттердің сапалы білім беру қызметтерін алуға ынтасын күшейту;

 - профессор-оқытушылар құрамы мен институт басшылығының сапалы білім беру қызметтерін ұсыну үшін жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлеу және енгізу;

- білім беру мен ғылым саласындағы университеттің инновациялық оқыту әдістері мен халықаралық ынтымақтастығын қолдану және дамыту;

 - университеттің материалдық-техникалық, кітапханалық және ақпараттық қорларын жақсарту;

 - оқушылардың жеке дамуы мен білім алуына жағдай жасау.