Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесі 54А
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
Екибастузский инженерно - технический институт имени академика К.Сатпаева
Емтихандар мен сынақтар туралы ережелер

ҚҰЖАТТАЛҒАН РӘСІМІ

ЕМТИХАНДАР ЖӘНЕ СЫНАҚТАР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ

ҚР МСЖ 8.08-2014

 

ҚР БҒМ

Академик Қ. Сәтбаев ат. Екібастұздық

инженерлік-техникалық институты

МЕНЕДЖМЕНТ САПАСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

ҚР МСЖ 8.08-2014

Өзгертулер №________

Күні_________________

 

 

 
   

 

Е

 

 

Екібастұз

ҚР БҒМ

Академик Қ. Сәтбаев ат. Екібастұздық

инженерлік-техникалық институты

МЕНЕДЖМЕНТ САПАСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

ҚР МСЖ 8.08-2014

Өзгертулер №________

Күні_________________

ҚР МСЖ 8.08-2014

Өзгертулер №________

Күні_________________

 

Алғы сөз

 

1 Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ жұмыс тобымен  ӨНДІРІЛДІ

2 «____» ________ 2014 ж. бастап Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ ректордың №   _____   бұйрығымен БЕКІТІЛДІ және ЕНГІЗІЛДІ

3 АУЫСТЫРУ ҮШІН ЕНГІЗІЛДІ

4 ӨҢДЕУШІЛЕР: М. Ж. Тұрсынов, Қ. Қ. Қадырбекова

5 АКАДЕМИК Қ. СӘТБАЕВ АТ. ЕИТИ ОӘК КЕЛІСІЛДІ

 

Бекітемін :

Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ ректоры

____________Б.Ж. Ұнайбаев

«________»___________201 _ж.

 

Емтихандар және сынақтар туралы  жалпы ережесі

Емтихандар және сынақтар студенттердің оқу барысын бақылайтын негізгі нысандары болып табылады.

Емтиханда семестр бойы студенттердің жұмыстары бағаланады: білім жүйесінің адалдығы, алынған теориялық білімдердің тереңдігі және толық меңгерілуі, шығармашылық ойлаудың дамуы, өзіндік жұмыстан алынған машықтар, алынған білімдерін тәжірибелік тапсырмаларды шешу кезінде қолдану қабілеті.

Сынақ студенттермен зертханалық және есеп-графикалық жұмыстардың табысты орындалуын, тәжірибелік және семинарлық сабақтарда оқу материалды игерілуін тексеру нысаны ретінде қызмет жасайды.

Студенттер барлық емтихандар мен сынақтарды институттың ғылыми кеңесімен бекітілген оқу жоспарына сәйкес тапсырулары тиіс.

  1. Сынақты жүргізу нысаны

1.1 Ағымдағы білімді бақылаудың бар болған жағдайда семестр бойы студенттердің жұмысы, әдеттегідей, арнайы қорытынды бақылаусыз – автоматты түрде сынақтан өтумен аяқталу қажет. Ағымдағы бақылаудың жетіспеушілігі кезінде сынақ келесі нысандар арқылы жүргізіледі: сұхбат, жазбаша жұмыс, тестілеу.

Күндізгі-сырттай оқу түрлері бойынша оқу жоспарымен қарастырылған рефератты әзірлеудің, компьютерлік бағдарламаны өңдеудің, ғылыми-зерттеу жұмысты, сонымен қатар бақылау жұмысты орындаудың нәтижелері бойынша сынақтан өту мүмкіндігі бар.

1.2 Пән бойынша сынақты өткізу нысаны кафедра меңгерушісімен белгіленеді.

1.3 Есептеуге байланысты сұрақтар, тапсырмалар, есептер пән бойынша дәрістерді оқитын немесе тәжірибелік және зертханалық сабақтарды жүргізетін оқытушымен құрастырылады.

1.4 Сұхбат түріндегі сынақ:

- пән бойынша дәрістерді оқитын немесе тәжірибелік және зертханалық сабақтарды жүргізетін оқытушымен жүргізіледі;

1.5 Жазбаша жұмыс түріндегі сынақ:

• Тәжірибелік және зертханалық сабақтарды жүргізетін оқытушының жетекшілігімен жазылады;

• Жазбаша жұмыстың ұзақтығы 1 академиялық сағаттан аспау ерек;

• Жазбаша жұмысты тексеру тәжірибелік және зертханалық сабақтарды жүргізетін, дәрістерді оқитын оқытушымен немесе кафедра меңгерушісі болып тағайындалған оқытушымен жүргізіледі.

Жазбаша жұмысы, әдеттегідей, жұмыс аяқталған соң 24 сағаттан кешіктірілмей тексерілуі тиіс, тексеру күні жазбаша жұмыстың соңында жұмысты тексеретін оқытушының қолы қойылады.

1.6 Тестілеу:

•Тәжірибелік және зертханалық сабақтарды жүргізетін оқытушының жетекшілігімен жазылады;

•Тестілеудің ұзақтығы 1 академиялық сағаттан аспау ерек;

•Тестілеу нәтижелерінің тексерісі тәжірибелік және зертханалық сабақтарды жүргізетін оқытушымен жүзеге асырылады; тестілеу бойынша тапсырмалар, әдеттегідей тестілеу жұмысы аяқталған соң 24 сағаттан кешіктірілмей тексерілуі тиіс, тексеру күні тапсырманың соңында жұмысты тексеретін оқытушының қолы қойылады;

- тестілеуді ЭЕМ жүргізуге болады.

1.7 Реферат:

•Негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданумен оқу материалдың бір мәселесі бойынша өзіндік терең зерттеу немесе талдау болып келеді;

•Жазбаша орындалады және емтихандық сессиясы басталмай тұрып оқытушыға тексеруге тапсырылады;

•Топ ішінде талқылау қорытындымен бірге ауызша түрде қорғалады.

1.8 Компьютерлік бағдарламасына мыналар жатады:

Қолданатын алгоритм есебінің сипаттамасы;

Бағдарламалаудың таңдалған тілде бағдарлама тестісі;

Есеп шешімдерінің бірнеше әр түрлі бастапқы деректері бар және   алынған нәтижелердің тексерілген мысалдары;

Бағдарламаны қорғау сұхбат түрінде жүргізіледі:

1.9 Ғылыми-зерттеу жұмысы:

Семестр бойы орындалады;

- емтихандық сессиясы басталмай тұрып, бір апта бұрын оқытушыға ұсынылады;

- топ ішінде сұхбат түрінде немесе ауызша баяндама түрінде қорғалады.

1.10 Сынақтар емтихандық сессиясы басталмай тұрып, дәрістік курстың аяқталу кезінде жүргізіледі.

1.11 жазбаша жұмыстар, тестілеу нәтижелері апелляциялаудың мерзімі бітпес бұрын оқытушымен сақталуы тиіс; нәтижелері бойынша сынақтан өткен рефераттар, компьютерлік бағдарламалар, ғылыми-зерттеу жұмыстар – бір айдан кем емес сақталуы тиіс.  

2   Емтиханды жүргізу нысандары

1.Емтихан мынадай нысандармен жүргізіледі: сұхбат (ауызша емтихан). Жазбаша жұмысы, тестілеу.

2.Емтиханды өткізу нысаны кафедра меңгерушісімен белгіленеді, факультет деканымен бекітіледі және пән бойынша оқу жоспарында көрсетіледі.

3.Емтихандық билеттер, тапсырмалар, есептер, тесттер пән бойынша дәрістерді оқитын оқытушымен құрастырылады, және кафедра меңгерушісімен бекітіледі.

4.Емтиханды дәрістерді оқуға рұқсаты бар тұлғалар қабылдайды. Ереже бойынша, бұл аға оқытушылар, доценттер, профессорлар.

5.Емтихан үстінде студенттер пәннің бағдарламасымен, сонымен қатар, емтихан алушының рұқсатымен есеп-графикалық тапсырмаларды орындау үшін техникалық құралдармен, анықтамалық әдебиетпен, плакаттармен, сызбалармен және т.с.с. қолдана алады.

6.Сұхбат (ауызша емтихан):

- бір немесе екі оқытушыларымен жүргізіледі;

7.Жазбаша жұмыс:

3 академиялық сағаттан аспауы тиіс;

Оқытушы – емтихан алушының немесе тәжірибелік, зертханалық сабақтарды жүргізетін кіші оқытушылық лауазымды атқарушының жетекшілігімен жазылады;

•Жұмыстың тексерілуі оқытушы – емтихан алушымен іске асырылады (2.4 т. қар.);

•Жұмыс, емтихан аяқталған соң 24 сағаттан кешіктірілмей тексерілуі тиіс, тексеру күні жұмыстың соңында жұмысты тексеретін оқытушының қолы қойылады.

8.Тестілеу:

•Әртүрлі тақырыптар мен пәндерден алынған сұрақтардан және есептерден құрылуы тиіс;

•Жабық тесттерді (жауаптардың дайын нұсқаларын таңдау мүмкіндігімен) пайдалануға тыйым салынады;

•Тестілеу уақыты 2 академиялық сағаттан аспау керек;

•Ректордың немесе осы пән бойынша тәжірибелік және зертханалық сабақтарды өткізетін кіші оқытушылық лауазымды атқарушының жетекшілігімен жүргізіледі;

Тестілеу нәтижелерінің тексерілуі  оқытушы – емтихан алушымен іске асырылады.

Тестілеу нәтижелері тестілеу аяқталған соң 24 сағаттан кешіктірілмей жариялануы тиіс, тексеру күні жұмыстың соңында  жұмысты тексеретін оқытушының қолы қойылады;

Тестілеу кезінде ЭЕМ қолдануға болады.

9.Ауызша емтиханға әзірленген парақтар, жазбаша жұмыстар және тестілеу нәтижелері апелляциялаудың мерзімі аяқталмайынша оқытушымен сақталуы тиіс.

3 Сынақтарды және емтихандарды тапсыру нәтижелерін бағалау

Студенттің білімін бағалау негізі, мемлекеттік білім беру стандартымен, пәннің үлгі және жұмыс бағдарламаларымен қарастырылған материалды меңгеру деңгейі болып табылады. 

3.1 Сынақты тапсыру нәтижелері «сынақтан өтті» немесе «сынақтан өткен жоқ» («қанағаттанарлықсыз») бағасымен бағаланады. Баға қою әдісімен сынақты өткізуге болмайды.

3.2 Емтихан нәтижелерін бағалаған кезде келесі ұсынымдарды басшылыққа алуға тиіс:

- «өте жақсы» бағасына лайық студент, бағдарламамен қарастырылған, материалды өте терең білетін, тапсырмаларды жеңіл орындай алатын; билет сұрақтарына, сонымен қатар қосымша сұрақтарға тамаша жауап берген; тиісті пәннің бағдарламасы бойынша ұсынылған негізгі әдебиетті меңгерген және қосымша әдебиетті шолып шыққан; шығармашылық қабілеттерін көрсеткен және алғалы жатқан мамандығы мен пәннің өзара байланысын меңгерген студенті болып табылады;

- «жақсы» бағасына лайық студент, материалды толық білетін, билеттің барлық сұрақтарына жауап берген, оқу бағдарламасымен қарастырылған тапсырмаларды табысты орындаған, пән бойынша негізгі әдебиетті меңгерген, әрі қарай зерттеу және кәсіптік қызметі барысында білімін өз бетінше толықтыра және жаңарта алғанын көрсеткен студенті болып табылады;

- «қанағаттанарлықсыз» бағасына лайық студент, негізгі бағдарламамен қарастырылған материалды меңгермеген, тапсырмаларды орындаған кезде түбегейлі қателіктер жіберген, оқуды жалғастыруға қажетті немесе тиісті пән бойынша жоо бітіру кезінде қосымша сабақтарсыз кәсіптік қызметін орындау үшін білім деңгейіне жетпеген студенті болып табылады     

«Қанағаттанарлықсыз» бағасы, сондай-ақ, мынадай жағдайларда қойылады: емтихан басталған кезде оны тапсырудан бас тартқанда; емтиханды тапсыру ережелерін бұзған кезде (көшірген кезде, сыбырлап айтқан кезде, алдау арқылы жоғары баға алуға тырыспақ болған жағдайда және т.б.).

3.3 Сынақ ведомосінде немесе жолдау хатта келесі жазбалар болуы керек: «сынақтан өтті»; «сынақтан өткен жоқ» («қанағаттанарлықсыз») және оқытушының қолы.

3.4 Сынақ кітапшасындағы жазбаның мазмұны 3.3 т. көрсетілген. Емтихандық баға жазбаша ғана жазылу керек: «өте жақсы», «жақсы» немесе «қанағаттанарлық». «Қанағаттанарлықсыз» бағасы сынақ кітапшасына қойылмайды.

3.5 Сынақты және емтиханды тапсыру нәтижелері сынақ кітапшасына жазылады. Ведомость немесе жолдау хат, сынақты немесе емтиханды қабылдаған, жазбаның анық және дәл жазылуына жауап беретін оқытушымен ғана жазылады. Студенттерге кітапшаны, ведомостті және жолдау хатты толтырғаны үшін қатаң түрде тыйым салынады.

4 Сынақты тапсыру рәсімі

4.1 Сынаққа келген кезде студенттің сынық кітапшасы болу керек. Студенттің тегі сынақ ведомосінде болу керек.

4.2 Сынақты қайта тапсырғанда немесе қайта қабылдау мақсатында тапсыру кезінде, студент деканның немесе оның орынбасарының қолы қойылған жолдаухатын ұсыну қажет.

4.3 Сынақ ведомосі және жолдаухат оқытушымен кафедра зертханашысына тапсырылады.

Зертханашы сынақты тапсыру нәтижелерін журналға тіркейді және сессия басталмас бұрын деканатқа ведомостті немесе жолдаухатты тапсырады.

4.4 Дәл бір оқытушыға сынақты қайта тапсыруды қабылдау екі реттен артық болмау керек. Үшінші рет сынақты қайта тапсыру жазбаша жұмыс түріде жүргізіледі. Нәтижені бағалау үшін кафедра меңгерушісімен, оның алдында сынақты қабылдаған оқытушы және кафедраның екі басқа оқытушы құрамымен комиссиясы тағайындалады. 

Комиссияның жазбаша жұмыстар туралы талқылауында декан қатыса алады.

      

5 Емтиханды тапсыру рәсімі

5.1 Емтихандық сессияға ағымдағы семестрдің оқу жоспарында қарастырылған барлық сынақтарды, курстық жұмыстарды, курстық жобаларды, тапсырмаларды тапсырған студенттер жіберіледі.

Емтиханға қабылдау факультет деканының бұрыштамасымен немесе оның орынбасарының сынақ кітапшасына мөртаңбаны басумен расталады. Орынды себептер, төтенше жағдайлар орын алған кезде факультет деканы, белгіленген мерзімде сынақтарды тапсырмаған студенттерді емтихандық сессияға қабылдау туралы мәселесін шешуге құқылы.

Белгіленген мерзімнен кейін барлық сынақтарды тапсырған студенттер емтихандық сессияға жіберіледі және жалпы кестеге сәйкес емтихандарды тапсырады.

5.2 Емтихандық сессияның кестесі деканмен құрастырылады және оқу жұмысы бойынша проректорымен сессия басталмайынша бір айдан кешіктірілмей бекітіледі. Әрбір емтиханға дайындалу үшін үш күннен кем емес уақыт беріледі.

5.3 Барлық пәндерден үлгерімдері жақсы студенттері үшін семестр аралығында емтихандарды мерзімнен бұрын тапсыруға деканның рұқсат беруіне құқығы бар (студентпен осы пән бойынша бағдарламамен қарастырылған барлық тапсырмалар, зертханалық, есеп-графикалық және курстық жұмыстар, курстық жобалар орындалған жағдайда ғана). Сөйте тұра, студент басқа пәндер бойынша ағымдағы сабақтардан босатылмау керек.

5.4 Студент емтиханға кірерде сынақ кітапшасын көрсету керек. Студенттің тегі емтихандық ведомосінде болуы тиіс.

5.5 Қайта қабылдану мақсатында қайта тапсыру кезінде студент деканмен немесе оның орынбасарымен қол қойылған жолдаухатын алу керек.

5.6 Бағаларды қойғаннан кейін, ведомость және жолдаухат кафедра зертханашысына тапсырылады.

Зертханашы журналда емтиханды тіркеп болған соң, оларды емтиханды жүргізгеннен кейін келесі күні деканатқа тапсырады.

5.7 Егер емтихан кезінде ережелер бұзылса (алдау), сондай-ақ ол бұзушылықтар емтихан нәтижелерін жариялаған кезде анықталса, онда кафедра меңгерушісінің емтихан нәтижелерін қайта қарауға және оны тапсырылмаған деп жариялауға құқығы бар.

5.8 Қайта тапсыру кестемен белгіленген тәртіппен барлық емтиханнан кейін факультет деканымен немесе оның орынбасарымен белгіленген және бекітілген түрде тапсыру күндері жүргізіледі. Дәл бір оқытушыға емтиханды қайта тапсыру тәртібі екі реттен артық болмау керек. Үшінші рет қайта тапсыру жазбаша түрде жүргізіледі. Нәтижені бағалау үшін кафедра меңгерушісімен, оның алдында емтиханды қабылдаған, осы және соған байланысты пәндер бойынша дәрістерді оқитын оқытушы құрамымен комиссиясы тағайындалады. 

5.9 Оңды бағаны жоғарлату мақсатында емтиханды қайта тапсыру, оқу жұмысы бойынша проректорымен, ерекше жағдайларда факультет деканының ұсынысы бойынша рұқсат етіледі.

 

6 Сынақ және емтихан нәтижелерін апелляциялау

Студенттің сынақ және емтихан нәтижелерін жариялау күні факультет деканына және оқу жұмысы бойынша проректорына бағамен келіспеу туралы жазбаша арызымен жүгінуге құқығы бар.

Деканмен және оқу жұмысы бойынша проректормен апелляциялық комиссиясы тағайындалады.

Апелляциялық комиссияның төрағасы факультет деканы бола алады. Оның құрамында кафедра меңгерушісі, емтихан мен сынақты қабылдаған оқытушы, сондай-ақ осы және осыған байланысты пән бойынша дәрістерді оқитын оқытушысы болу керек.

Апелляциялық комиссиясы үш күн ішінде студенттің арызын  қарастыруы тиіс.

Комиссияның, оқытушымен қойған бағасынан, төмен баға қоюына құқығы жоқ.

Апелляциялық комиссияның бағасы қорытынды баға болып келеді және қайта қарауға жатпайды.

      

7 Емтихан мен сынақта өзге тұлғалардың қатысуы

Емтихан мен сынаққа ректор, оқу жұмысы бойынша проректор, факультет деканы, оқытылып жатқан пәнге байланысты кафедра меңгерушісі қатыса алады. Емтиханға және сынаққа өздерінің қатысуы туралы оқытушыға алдын ала ескертулері және не себептен қатысатындарын түсіндірулері қажет. Емтиханға және сынаққа  ректордың, оқу жұмысы бойынша проректордың немесе факультет деканының рұқсатынсыз, немесе оқытушының келісімінсіз қатысуға болмайды.

Аталған тұлғалардың, емтиханды немесе сынақты қабылдайтын оқытушыға, студенттердің көзінше жауаптардың бағасы жөнінде өз пікірлерін білдіруге құқықтары жоқ. 

ҚР БҒМ

Академик Қ. Сәтбаев ат. Екібастұздық

инженерлік-техникалық институты

МЕНЕДЖМЕНТ САПАСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

ҚР МСЖ 8.08-2014

Өзгертулер №________

Күні_________________

 

А қосымшасы

Келісу парағы

Лауазымы

А.Ж.

Күні

Қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР БҒМ

Академик Қ. Сәтбаев ат. Екібастұздық

инженерлік-техникалық институты

МЕНЕДЖМЕНТ САПАСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

ҚР МСЖ 8.08-2014

Өзгертулер №________

Күні_________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б қосымшасы

Келісу парағы

Лауазымы

А.Ж.

Күні

Қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР БҒМ

Академик Қ. Сәтбаев ат. Екібастұздық

инженерлік-техникалық институты

МЕНЕДЖМЕНТ САПАСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

ҚР МСЖ 8.08-2014

Өзгертулер №________

Күні_________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

В қосымшасы

Өзгертулерді тіркеу парағы

Парақтардың нөмірлері

өзгертуді енгізу негізінде ескертудің №

өзгертуді енгізген тұлғаның А.Ж.

өзгертуді енгізген тұлғаның қолы

өзгертудің енгізлген күні

өзгертілген

ауыстырылған

жаңа

күші жойылған

1

2

3

4

5

6

7

8